RU
Жігер Ауыпбаев ең алғаш сахнаға шыққанда жылап жіберген

Жігер Ауыпбаев ең алғаш сахнаға шыққанда жылап жіберген

Рассказать Вконтакте

Жігер Ауыпбаев "Беу" бағдарламасында сахнаға ең алғаш қалай шыққанын еске алды. Әнші үлкен сахнаға шығып, мыңдаған тыңдармандарын көргенде көзіне жас алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жігер Ауыпбаев. Фото: "Беу" бағдарламасынан

Жігер Ауыпбаев. Фото: "Беу" бағдарламасынан

Әншінің айтуынша, ол тыңдармандарына деген құрметті сол кезде ұғынған.

"Сахнаның киесі деген нәрсені мектепте ең алғаш ұғындым. Қаншама халық жиналып отырған кезде, домбырамен ән айтқан едім. Тамағыма бір нәрсе тығылды да, өз-өзімнен дірілдеп-қалтырап, сахнада жылап жібердім", - дейді өнер иесі. 

Сондай-ақ әнші кішкентай күнінде дертке шалдығып, ата-анасының өзін емдету үшін үйін сатып жібергенін де айтып берді. Отбасының пәтер жағалап жүргеніне өзін кінәлаған әнші ең алғашқы табысына ата-анасына үй алып беруге серт береді.

"Сағат тоғыздан бастап, Абай көшесінің бойымен жүріп, қандай кафе, мейрамханалар бар соларға кіріп-шығамын. "Сіздерге музыкант керек емес пе?" деп сұраймын. Ең алғашқы жұмыс істеген кафе "Отау" кафесі болатын. Развилка жақта еді.
Кейіннен қаланың ішіндегі мейрамханаларда өнер көрсете бастадым. Ол уақттарда біраз ақша таптым. Ата-анама ауылдан үй алып бердім", - дейді Жігер Ауыпбаев. 
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel