RU
Жанар Айжанова жалаңбас жүріп, жас келінге ақ жаулық тағатын енелерді қатаң сынға алды

Жанар Айжанова жалаңбас жүріп, жас келінге ақ жаулық тағатын енелерді қатаң сынға алды

Рассказать Вконтакте

Жанар Айжанова өзінің парақшасында отбасылық мәселелерді жиі қозғайды. Әншінің Instagram-дағы кезекті жазбасы жаңа түскен келіннің басына ақ жаулық салатын жалаңбас енелерге арналды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен мына нәрсені түсіне алмаймын. "Ұлым келін әкеледі" деп шешесі екі ай дайындалады. Соның ішінде бірінші келінге тартатын ақ орамал алынады. Киіт, тағы басқа сақина жоралғының бәрін алып, сақадай сай отырады. Сөйтіп үйге келін де келеді де, басына салатын орамалын алып, енесі алдынан шығады. Бірақ өзінің басында орамалы жоқ.
Одан беташар басталады. Келіншектің екі жағынан әп-әдемі екі абысыны демеп тұрады. Жаңа келіннің басында орамал бар, екі абысыны жалаңбас. Сонда не болды? Біз өзі орамалды қай кезде тарту керек екенін де ұмытып кеткен сияқтымыз. Әрине бәрі емес. Бірақ өкінішке орай соңғы кезде жиі кездесетін көрініс", - деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі садақа асында жалаңбас, сояудай тырнақпен отыратын орта жастағы әйелдердің әрекетіне күйінетінін жеткізді.

"Садақаға барғанда да, жалаңбас отыратын апаларымызды айтсайшы. Тырнақтары сояудай, шаштары қып-қысқа, төбесінің құйқасы көрініп отырады. Оған қарағанда жастардың орамалдары бар. Бұның бәрін не үшін айтып отырмын. Біз жастарға кінә тағу үшін, олардан едәуір саты биік тұруымыз керек. Яғни қазақтың салт-дәстүрін алдымен өзіміз біліп, өзіміз қадірлеу керекпіз.
Орамалды 365 күн тағып жүрмесек те, орынды жерін білуіміз керек. Келін келгенде басын иіп сәлемін салады. Ал үлкендер шашымыз қобырап, ұялмай "бақытты бол" дейміз. Шілдеханада кезінде де үлкендер баланы орамалсыз бесікке салып жатады. Бұл менің ойым, қатты кетті деп ренжімеңіздер", - деп жазбасын аяқтады Жанар Айжанова.

Айта кетейік, әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары жарыса қолдау білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Айжанованың осыған дейінгі жазбасы киіт үшін қырқысатын құдағиларды сынға алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
27
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel