RU
Қызымен жасты көрінетін 64 жастағы әйел адам мінсіз мүсінімен тәнті етті

Қызымен жасты көрінетін 64 жастағы әйел адам мінсіз мүсінімен тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Брадфорд қаласының тұрғыны Анжела Пол үнемі пластикалық отаны шектен тыс жасатты немесе сиқырға жүгінді деп жиі сынға ұшырап жатады. Алайда әйел адам мұндай қауесеттерді жоққа шығарып, тек бар болғаны өмір бойы өзінің сырт келбетін күткенін айтады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Анжела жиырма жасына дейін қарапайым бойжеткен әрі табысты сәнқой болып қызмет еткен. Тек 20 жасқа толғанда ол өзінің қызыл жегі ауруымен ауыратынын біледі.

Қуанышқа орай, оның жағдайы ауыр дәрі-дәрмектерсіз жақсаруы мүмкін еді. Аруға тек өмір салтын өзгерту ғана қажет болатын.

Осыдан кейін Анжела ет пен табиғи емес өнімдерді тұтынуды тоқтатып, ішімдіктің мөлшерін азайтып, спортпен шұғылдана бастайды.

Анжела үнемі белсенді өмір сүргенді ұнататын. Ол біріншіден бойжеткеннің денсаулығы үшін маңызды еді.

Бірнеше уақыттан кейін Анжела дүниеге қыз баланы әкеліп, сәнқой мансабынан бас тартады.

Оның бүгінде бойжеткен қызы - Ариель анасының жолын қуып, сәнқойлықты таңдаған. 34 жастағы Ариельдің суреттерін көрген адамдар жанындағы әйелдің оның анасы екеніне сенбей жатады.

"Мен адамдарға өз-өзімді күтетінімді айтса, олар сенбей бұрылып кете барады. Барлығы жақсы нәтижеге бірден қол жеткізгісі келеді. Алайда оған жету үшін ешкімнің өмір бойы жұмыс істегісі келмейді", - дейді Анжела.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
3
25
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel