RU
Жоғары Радаға алғаш рет қара нәсілді азамат депутаттыққа өтті (фото)

Жоғары Радаға алғаш рет қара нәсілді азамат депутаттыққа өтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алдын-ала қорытындыларға сәйкес Украинаның Жоғары Радасына алғаш рет қара нәсілді азамат өткен. 28 жастағы Жан Беленюктің әкесі Руанда елінің азаматы болса, анасы украиналық деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жан Беленюк жергілікті "Слуга народа" партиясы атынан сайлауға түскен.

Оның әкесі Руанданың тумасы екен. Ол 1994 жылы елдегі азаматтық соғыс уақытында қайтыс болған.

Саясаттағы мансапқа келместен бұрын Жан Беленюк грек-рим күресімен шұғылданған. Ол спорттық мансабын аяқтамайтынын, сайлаудан кейін 2020 жылы Токио олимпиадасына қатысатынын мәлімдеген.

2016 жылы ол Украина атынан Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысып, күміс медаль иеленген.

Депутаттың сөзінше, ол Еуромайданға қатыспаған. Алайда елдегі өзгерістерді қалаған екен. Десе де ол кейін президент Петр Порошенкодан көңілі қалғанын жасырмаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel