Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда тұрғындарды бал ұсынып, алдаған сығандар қолға түсті (фото)

Опубликовано:

Оралда тұрғындарды алдаған сыған азаматтары ұсталды. Олар қала тұрғындарына бал ұсынып, үйлеріне еніп, алтындарын әкетіп отырған деп хабарлайды Мой город порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мой город
Фото: Мой город: Instagram

Орал қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бисеновтың айтуынша, 19 шілде күні Орал қаласы мен Зачаганск елдімекенінің тұрғындарынан алаяқтарға алданып қалдық деген шағым түскен.

Тұрғындар екі әйел адам мен бір ер адам үй-үйді аралап, бал ұсынғандықтарын айтқан. Осылайша олар жасы егде тартқан, жалғызбасты, сенгіш адамдарды құрығына түсірген. Күдіктілер бал ашу, дауадан арылтамыз деген желеумен азаматтардың алтындары мен ақшаларын әкетіп отырған.

Бүгінде олардың үшеуі де ұсталған.

"Олар 23 жастағы бойжеткен, 35 жастағы әйел және 36 жастағы ер адам болған. Сығандар. Олардан 200 мың теңге көлеміндегі ақша мен 20-дан астам алтын әшекей бұйым тәркіленді. Әйелдердің біреуі бұған дейін осыған ұқсас қылмыс үшін, сотталған. Қазіргі таңда Орал қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылған", - деп хабардар етті Нұрлан Бисенов.

Бүгінде олардың үстінен ҚР ҚК 188 және ҚР ҚК 190 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806573-oralda-trgyndardy-aldagan-sygandar-kolga-tsti-foto/

pixel