Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев Алматыда баспасөз конференциясы кезіндегі жанжалға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұғымбаев үкімет отырысынан кейін Алматыдағы баспасөз конференциясы кезіндегі жанжалға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC
"Кеше Алматыда кездесу немесе келіссөз кезінде оқиға орын алып, екі тарап өзара текетіресіп қалды. Сол себепті ол көпшіліктің назарына ілікті.
Қазіргі таңда екі тарап олардың әрқайсысына қатысты дене жарақаты салынғанын және бұзақылық жасалғаны туралы арыз жазды. Олар полицияға, сондай-ақ медициналық мекемеге жүгінді. Бүгінгі таңда екі өтініш тіркелді, саралайтын боламыз", - деді Тұрғымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық Халықаралық бюроның баспасөз орталығында төбелес болды. Жанжалдың салдарынан баспасөз кездесуін кейінге шегеруге тура келген.

Бюро қызметкері Андрей Гришиннің сөзінше, кездесуге 15 минут қалғанда 15-20 шақты көпбалалы аналар дәлізде жиналып қалған. Айтуларынша, олар әлеуметтік желідегі чатта таратылған хабарды оқып, баспасөз кездесуіне келіпті.

Гришин жуық арада туындайтын жанжалдан сезіктеніп, бірден кездесуді тоқтатқан. Оқиға орнына полиция шақырылды. Алайда тәртіп сақшылары келместен бұрын әйел адамдар тарқасып кеткен.

Кейінірек Алматының полиция департаменті Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюрода сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын және арыздарды журналистер мен ұйымдастырушылар жазғанын хабарлады.

Сонымен қатар, тағы үш азамат арыз жазған. Олар кездесуді ұйымдастырушылар мен журналистердің оларға зақым келтіргенін мәлімдеді.

Бүгін таңертең әлеуметтік желілерде Алматыда өткен баспасөз кездесуінде жанжалға қатысушылардың түсініктемесі түсірілген видео пайда болды. Көпбалалы аналар оларды азғырып, жезөкшелер деп атағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806574-trgymbaev-almatyda-baspasz-konferenciasy-kezindegi-zanzalga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel