Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабап жатып есімді жидым": Отандық актриса өзінің сұмдық мінезі жайлы жайып салды

Опубликовано:

Отандық актриса Сая Оразғалиева көпшіліктің сауалына жауап беріп, шын мәнінде мінезінің қандай екенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өзінің ашуға ерік берсе, адам танымай қалатын әдетін өнер иесі Instagram парақшасында жазған.

"Маған үнемі сабырлы, сүйкімді деп мінездеме беріп жатады. Сіздерге мұның жалған екенін айта келіп, өзім жайлы бірнеше дерек ұсынбақпын.

Біріншіден, мен аффект күйге түскен адамның қандай болатынын білемін. Өйткені өз басымнан өткен. Сап-сау күйімде ашулансам да, өзімді ұстай алмай қаламын. Тіпті не болғаны есімде қалмайды. Аяғымның астындағы жерді сезбей, ешкімді естімеймін. Қарсы алдымдағы адамның әйел немесе еркек екеніне, күшінің басымдылығына мән бермеймін.

Бір күні біреуді сабап жатқан жерімнен есімді жидым. Оған жету үшін жолдағы үстелді де лақтырып жіберіппін.

Бұл шын мәнінде қорқынышты. Мен мұндай кезде адам өлтіріп алу мүмкін екенін де түсінемін. Сондықтан адамдарға алдын-ала ескертемін. Анамның айтуынша, бұл мінез әкемнен дарыған. Ол да сырт көзге өте момын адам болып көрінеді", - дейді актриса ағынан жарылды.

Сондай-ақ өнер иесі өзінің тілі ащы екенін, ашу үстінде ауыр сөздер айтатынын да мойындады.

"Егер мені төбелесетіндей ашуға жеткізбесеңіздер, тілімнің қандай ащы екенін көресіздер. Ашу үстінде өте ауыр сөздермен жаныңызды жаралауым мүмкін. Айтпақшы екі жағдайда да мен қорқыныш дегеннің не екенін ұмытамын.
Сондықтан спортшы болмасаңыз, менімен ұрысып-керіспеңіз. Сонда ғана менің әзілқой, ашық адам екенімді байқайсыз", - деді Сая Оразғалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806575-sabap-zatyp-esimdi-zidym-otandyk-aktrisa-zini-smdyk-minezi-zajly-zajyp-saldy/

pixel