RU
"Балалардың қауіпсіздігі үшін": Жұмағалиев ұлттық қауіпсіздік сертификаты жайлы айтты

"Балалардың қауіпсіздігі үшін": Жұмағалиев ұлттық қауіпсіздік сертификаты жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев үкімет отырысында гаджеттерге Ұлттық қауіпсіздік сертификатын орнатудың орындылығы туралы мәселеге түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР премьер-министр сайтынан алынды

Фото: ҚР премьер-министр сайтынан алынды

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол балаларды, туыстар мен жақындарды экстремисттік, террористік сипаттағы тыйым салынған ақпараттан қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

"Мен сізге сұрақ қояйыншы. Қалай ойлайсыз, балаларға интернеттен экстремисттік, террористік сипаттағы материалдар мен порнографияны қараған пайдалы ма? Қауіпсіздік сертификаты осы мәлелелерді шешуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Сондай-ақ, оның сөзінше, аталған сертификат қондырғылардың ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешіп, жеке мағлұматтарды хакерлерден қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар, ол сертификатты орнатудың - ерікті мәселе екенін тағы бір рет еске салды.

"Мұның ерікті түрде жасалатынын жақсы білесіз. Балаларың мен жақындарыңның қажетсіз ақпаратты көрегенін қаладың ба, орнатасың. Ал қаламасаң, енді...", - деді ол.

Журналистер оған "сертификатты жүктеп алуға ұсынылатын сайттың жеке тұлғаға тіркелгені" жөнінде сұраған кезде, министр бұл жағдайға қатысты оның ешқандай мәліметі жоқ екенін айтып, сайттың иесіне өтініш жасауды ұсынды.

"Өтініш, сіз жүгініңізші...Ол жерде мемлекеттік-техникалық қызмет бар емес пе, соларға жүгініңіз, олар сізге түсініктеме береді", - деді Жұмағалиев.

Оның айтуынша, ол өзінің ұялы операторынан тиісті СМС алмаған. Бірақ хабар келгенде, бәрін бірден орнататынына сендірді.

"Келеді, мен үміттенемін. Мен, әрине, балаларымды уайымдағандықтан орнатамын. Менде (оператор – Ред.) Кселл. Меніңше, ақпарат таратылатын болады, өзім қолға аламын", - деді ол.

Бірақ сертификатты арнайы сайттан орнатып алуға болатын болса, неліктен ұялы байланыс операторларынан хабар күту керек екені және аталған сертификат пен оның құрастырушылары туралы ақпараттың неліктен аз екені, сертификатты орнатпағандардың неге интернет желісіне қол жеткізуі қиындық туғызатыны туралы сұрақтар жауапсыз қалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов ұялы байланыс операторларынан сәйкес хабарды ала салысымен балаларының құрылғыларына қауіпсізідк сертификатын орнататынын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ұялы байланыс операторларының кейбірі қолданушыларына қауіпсіздік сертификатын орнату туралы өтініш білдірген смс хабарламалар таратқан.

Бұған дейін Оспанов үкіметтің баспасөз конференциясында қауіпсіздік сертификатының не үшін орнату керектігін айтып берді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel