Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет қандай жағдайда кредитті төлеп береді?

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов кредиттерді мемлекет қандай жағдайда төлеп беретінін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Смайылов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Министр кейбір кредиттер коллекторларға берілсе де, банктің балансында қала беретініне тоқталды.

Оның сөзінше, мұндай жағдайда қарыздың айыппұлы мен өсімпұлы, сондай-ақ тұрмысы төмен азаматтардың берешегі 300 мың теңгеге дейін өтеледі.

Смайылов егер кредит толығымен коллекторлық бюроға сатылса, ешқандай көмек болмайтынын, бұл азаматтар қарызды да, айыппұлды да өздері төлейтінін жеткізді.

"Банктер мен микроқаржыландыру ұйымдары коллекторлармен жұмыс істеген кезде дебиторлық берешекті сатуы да, сатпауы да мүмкін. Бірінші жағдайда банктер сотқа жүгінбей тұрып, коллекторларға берешекті қайтаруға тапсырма береді.
Ондайда дебиторлық берешек банкте қала береді. Сондай берешекті біз өтейміз. Ал дебиторлық берешек коллекторлық агенттікке сатылған кезде, ол банкте қалмайды", - деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, жарлыққа сәйкес банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының балансында тұрған кредит ғана өтеледі.

Смайылов қазіргі уақытта айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы көлемі 58 млрд теңгеден асқанын алға тартты.

Министр оның 70 пайызын банктер өздері жабатынын, ал 30 пайызы мемлекет есебінен өтелетінін жеткізді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда президенттің жарлығы бойынша кепілсіз кредит алған бес миллионға жуық адамның айыппұлдары мен өсімақылары өтеледі.

Ал тұрмысы төмен азаматтар үшін осындай жеңілдікпен бірге 300 мың теңгеге дейінгі қарызы кешіріледі, бірақ кредиттің сомасы 3 млн теңгеден аспауы қажет.

Тұрмысы төмен азаматтардың қатарына көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, жетім балалар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806597-memleket-kandaj-zagdajda-kreditti-tlep-beredi/

pixel