Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирияда бес адамға тұрмысқа шыққан ақтөбелік әйелдің ісі қайта тергеледі (фото)

Опубликовано:

32 жастағы Ақмарал Алмағамбетова қазір Ақтөбедегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Сирия елінен 9 мамыр күні жеткізілген келіншек терроризмді насихаттағаны үшін айыпталған. Ол ҚР ҚК-нің 174-бап 1-бөлігі және 256-бап 2- бөлігімен қылмыс жасағаны үшін айыпталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"2014 жылдың қаңтар айында ақпараттық желілер арқылы терроризмді насихаттап, ұлттық алауыздықты қоздырып, азаматтардың ар-намысын қорлауға бағытталған әрекеттер жасаған.  ҚР ҚК-нің 174-бап 1-бөлігі және 256- бап 2- бөлігімен айыпталған Алмағамбетоваға қатысты жаңа келісім жасасу мүмкіндігін ұсына отырып, прокурорға  жіберілсін", -деді судья Алима Адилова.

Айыпталушының 2013 жасаған қылмыстық іс-әрекеті қайта сараланатын болды. Іс прокуратураға кері жолданды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Судья сотталушыны күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Ақмарал Алмағамбетова 23 маусым 1987 жылы туған. Туған жері Ақтөбе қаласы. Бұрын сотталмаған, орта білімді, жұмыссыз.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Келіншек 2013 жылы үш баласы мен жолдасын тастап, Сирияға өзі кетіп қалған. Бірінші жолдасынан 2004 жылы, 2008жылы, 2012 жылы туылған балалары бар. Сотталушы Сирия мемлекетінде де бірнеше рет тұрмысқа шыққан. Ондағы алғашқы күйеуі Әзірбайжан азаматы қайтыс болған соң Ирак жігітімен некелескен. Бұл неке де ұзаққа созылмаған. Дағыстандық азаматтан Альбар есімді төрт жасар ұлы бар. Кейін тағы басқа азаматтан  Нисаннур есімді қызды болған. Ол 2 жаста.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сотталушы сотта Күрт мемлекетіне өзі барып, Қазақстанға жіберуді сұрағанын айтты. Қазір сотқа паранжасын шешіп қатысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806609-siriada-bes-adamga-trmyska-sykkan-aktbelik-jeldi-isi-kajta-tergeledi-foto/

pixel