Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешьюдің" бұрынғы әншісі танымал спортшыға ұзатылды (фото)

Опубликовано:

Осыдан бір жыл бұрын "Кешью" тобына қабылданып, аз уақыт өнер көрсеткен Ақбота Құрманғали күні кеше танымал спортшы Садриддин Ахметовке ұзатылды. Әншінің ұзату тойы Алматы қаласында өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ақбота Құрманғалиді Алматыдағы мейрамханалардың бірінен Жанар Айжанова ұзатқан.

Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ал бойжеткеннің ұзату тойында "Кешью" тобының құрамынан Балжан Бидаш болған.

Думанды кешке өнер адамдарынан Жігер Ауыпбаев қатысқан.

Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

KAZ.NUR.KZ оқырманының мәліметінше, Ақбота Құрманғалидің тойына 200-ге жуық адам келген.

Алайда олардың арасында әншінің ұстазы жоқ екен.

Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Ақбота Құрманғали, Садриддин Ахметов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетейік, 21 жастағы Садриддин Ахметов пен 18 жастағы Ақбота Құрманғалидің үйлену тойы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтпек.

Танымал спортшы мен бойжеткеннің арасындағы махаббат жайлы көпшілікке биылғы жылдың көктемінде белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806621-kesudi-bryngy-nsisi-akbota-krmangali-tanymal-sportsyga-zatyldy-foto/

pixel