Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ-те сұхбаттан қалай өтуге болады?

Опубликовано:

Егер сіз жұмыс іздеген болсаңыз, онда сізге нені білу қажет және біздің IT-компанияда кімдер жұмыс істейді?

NUR.KZ-те сұхбаттан қалай өтуге болады?
Фото: Юлия Абрамова: Getty Images

Әрине, біз сізге барлық құпияларды ашпаймыз, бірақ NUR.KZ HR-департаменті әрбір позициясына статистикаға сәйкес, бір жыл ішінде 25-тен астам адамды қарастырады және біздің басты мақсатымыз – ең мықтыны таңдау. Ірі компаниялардың HR-ларына қандай үміткерлер ұнайтынын біздің мақаладан біліңіз.

Біз сізге NUR.KZ позицияны ашар алдында, бөлім басшысы жалға алу картасын толтыратынын, онда жаңа қызметкердің болашақ міндеттері жазылатынын айтқан болатынбыз.

Осыдан кейін рекрутер лайықты түйіндемелерді таңдап, олардың өзектілігін тексереді.

Түйіндемені қалай дұрыс құру керек?

Ең алдымен, сіздің түйіндеме ұқыпты және оңай оқылатын болуы керек. Егер сіз әр жұмыс орнында бір жылдан кем емес жұмыс істеген болсаңыз, еңбек өтіліне жеке назар аударылады. Егер кандидат әр үш ай сайын жұмысты өзгертсе, бұл тұрақсыздықтың себебі неде деп ойлауға себеп болады.

Бұл ретте, NUR.KZ бейінді білімді талап етілмейтін жеткілікті позициялар бар, ал егер адам бізге қолайлы болса, біз оны жұмыс тәжірибесіз алуға дайынбыз.

NUR.KZ-те сұхбаттан қалай өтуге болады?

Скрининг-сұхбат

Егер бізге түйіндеме ұнаса, кандидат бірінші сұхбаттан өтеді (әдетте телефон арқылы), онда HR-маман үміткердің мансаптық мақсаттарын және ол немен айналысқысы келетінін біледі . Біз кандидаттың уәждемесін және осы NUR.KZ-тегі жұмыстан не күтетінін түсіну маңызды. Егер сіздің мақсаттарыңыз компанияның мақсаттарына сәйкес келсе жақсы, әрине егер сіз шынымен жұмыс істегіңіз келсе. Ал егер сізге уақыт жұмыс қажет болса, және сіз жай ғана сұхбатқа шақырылғаннан кейін бізге баруға шешім қабылдаған болсаңыз - әрине жаман. Тәжірибелі HR (бізде дәл осындай) скрининг-сұхбат барысында - сіздің осы жұмыстан не күтетініңізді түсінеді.

Сұхбатта қандай сұрақтар қойылады?

Келесі кезеңде үміткерлер тікелей кеңсеге шақырылады. HR-маман сіздің кәсіби қасиеттеріңіз туралы бәрін білгісі келеді, сіздің өміріңіздегі жетістіктеріңізбен бөлісуіңізді сұрайды. NUR.KZ-те лауазымға кандидаттың бұрын міндетті түрде ол мақтан тұтатын қандай да бір нәтижелері болуы керек, тіпті тәжірибесіз келгендердің өзінде, мейлі бұл мектеп грамоталары болса да. Сондай-ақ, сізден бұрынғы басшыңыз сіз туралы не айтар еді деп сұрайды, және бұрынғы жұмыс орнындағы әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз қандай болғанын сұрайды. Бұл сауалдар бізге келген адамдардың жеке басы мен сипаты туралы көп нәрсе түсінуге көмектеседі.

NUR.KZ-те сұхбаттан қалай өтуге болады?

Басшылардың ұсыныстары

Біз басшылардан оларға қоңырау шалу үшін байланыс сұраймыз. Бұл жалдаудың өте маңызды кезеңі - үміткер айтпай қалған жайттардың барлығын оның бұрынғы басшысынан білуге болады. Әрине, олардың әрқайсысы бұрынғы қызметкерге жақсылық тілейді және әдетте біз мұндай қоңырау шалғанда жаман пікірлер ала алмаймыз. Бірақ біздің HR-мамандар сұрақтар қою және сұхбаттасушының оларға деген реакциясын қадағалайтынын біледі.

Тест тапсырмасы

NUR.KZ-те әр департаменттің жұмыс бағытына байланысты өзінің тест тапсырмалары бар. Болашақ басшы үміткердің кәсіби дағдыларын тексереді, ал HR-бөлімі жұмысыңызды орындаудың ұқыптылығына және сіздің мерзімдеріңізді сақтауына назар аударады.

Басшымен әңгімелесу

Тағы бір кезең, оған тек негізгі кандидаттар жетеді. Тікелей басшы сіздің кәсіби қасиеттеріңізді тексереді, алдыңғы жұмыс орындарындағы мақсаттар мен міндеттер туралы, сіздің күшті және әлсіз жақтарыңыз туралы тексереді және дәл бізде жұмыс жасау сізді немен қызықтыратынын сұрайды. Сондай-ақ, осы сұхбат кезінде, жетекші сіздің командаға жеке қасиеттеріңіз бойынша қаншалықты сай келетініңізді түсінеді.

Баррейзинг

Жалдаудың соңғы кезеңін компания басшыларының бірі өткізеді, бірақ қызметкерді жалдайтын бөлімнен емес. Осылайша, баррейзер жалға алуға тікелей мүдделі емес және оның құндылықтары біздің құндылықтарымызға сәйкес келетініннемесе келмейтінін бағалауда объективті болуы мүмкін. Бейресми әңгіме барысында ол кандидатпен жұмыс істеу қаншалықты жайлы, және оның атқаратын жұмысы компания деңгейіне қаншалықты сәйкес келетінін бағалайды. Баррейзер арнайы сауалнама түрінде өзінің бағалауына негіздеме ұсына отырып, қызметкерді ұсынуы немесе ұсынбауы мүмкін. Өз кезегінде, басшы баррейзердің пікіріне сүйене отырып, ақтық шешім қабылдайды.

NUR.KZ-те сұхбаттан қалай өтуге болады?

Осылайша, жалға алудың барлық кезеңдерін өтіп, NUR.KZ-ке қабылданған қызметкер өзінің - ең жақсы мамандардың бірі екеніне сенімді болуы керек. Біз қателесіп, әлсіз үміткерді қабылдағанан гөрі, қателесіп, жақсы маманды алмай қалуды артық көреміз, осы принципті ұстанамыз. Міне, әңгімелесудің барлық кезеңдері артта қалған кезде, жаңа қызметкерді жұмыс процесіне біртіңдеп енгізуге бағытталған бейімдеу бағдарламасы және басқа да NUR.KZ-те жұмыс істеудің жағымды артықшылықтары күтуде.

Біз Қазақстанның ең жылдам өсіп келе жатқан интернет компаниясында жұмыс істегісі келетін және біздің табысымызды бөліскісі келетін күшті, өршіл адамдарды іздейміз. Команданың бір бөлігі болып, бізбен бірге дамыңыз. Бос орындар тізімін мына жерден көруге болады. Ал сізді жұмысқа орналастыру кезінде не күтіп тұрғанын сіздер әлбетте білесіздер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1806626-nurkz-te-shbattan-kalaj-tuge-bolady/

pixel