Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Корея Ресейдің әскери ұшағына ескерту оғын жаудырды

Опубликовано:

22 шілдеде Оңтүстік Кореяның бірлескен штаб жетекшілері комитеті Ресей әуе күштері әуе кеңістігін ережесін бұзды деп айыптады. Бұл туралв Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: UGC

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Оңтүстік Корея әскери күштері Ресей Федерациясының ұшағы Жапония теңізінің үстіндегі кеңістікте екі рет ережені бұзғанын мәлімдеген.

Бірінші рет таңғы 09:09 кеткенде орын алды. Оңтүстік Корея тарапы ескерту оғын жіберген.

Ұшақ бірнеше минуттан соң ұшып кетіп, шамамен жарты сағатта қайта келді. Осылайша, Ресей ұшағы екінші рет мемлекеттің шекара ережесін бұзған

Одан бөлек, БАҚ беттерінде осы оқиға орын алғанға дейін Оңтүстік Корея әуе жолында Ресей мен Қытайдың әскери ұшақтары заңсыз әрекеттерге барғаны жазылды.

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі Ресей мен Қытай билігіне наразылық жіберуді жоспарлап отыр.

Ресей тарапы әскери ұшақтардың халықаралық ережелерге сәйкес ұшқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806634-otstik-korea-resejdi-skeri-sagyna-eskertu-ogyn-zaudyrdy/

pixel