RU
Ләйлә Сұлтанқызы ұлының испаниялық баламен төбелесіп қалғанын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы ұлының испаниялық баламен төбелесіп қалғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлының испаниялық қатарласымен төбелесіп қалғанын айтты. Тележүргізуші желі қолданушыларына баланы кез-келген уақытта өз-өзін қорғауға үйретуге кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында тележүргізуші Instagram парақшасында мәлім етті.

"Қазіргі балаларда ешқандай шекара жоқ. Қорықпайды. Тіл білсе адаспайды. Құқығы бұзылса төбелесе кетеді. Кез келген ортада өздерін сыйлата біледі. Жаңа нәрсеге ұмтылғыш. ⠀
Сыйлата біледіден шығады. Бүгін үлкенім бір испаниялықпен төбелесіп қалыпты. Неге десем, өйткені екі рет мазақтады. "Қой" дедім, қоймады. Үшінші рет тиіскенде, бір ұрған ғой. Екеуін тренерлер шақырып мән жайды білген соң испаниялыққа ескерту жасапты.
Басында уайымдағанмын. Артынан баламдыкі дұрыс екенін түсіндім. Ұлдарға "жақсы оқы" деген де дұрыс. Бірақ бастысы "өз-өзіңді қорғай білуің керек" деп үйреткен маңыздырақ", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel