RU
Қазақстандық 11 жастағы қыз "Славян базары" байқауында бақ сынаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақстандық 11 жастағы қыз "Славян базары" байқауында бақ сынаған

Рассказать Вконтакте

Шілде айының 6-ы мен 12-і аралығында Витебск қаласында өткен "Славян базары" балалар байқауына ақтаулық Дильназ Тілепова қатысқан. Жүлделі орынға іліге алмаған 11 жастағы қызға халықаралық байқаулардан шақырту түскен деп жазады "Лада" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Бұл жайында өңірлік балаларға арналған өнер студиясының жетекшісі Ольга Хыныкина айтып берген.

"Витебск қаласында "Славян базары" фестивалі аясында шілденің 6-12 аралығында "Витебск-2019 XVII" халықаралық балалар музыкалық байқауы өтті. Дильназ үш жылдан бері біздің студияның эстрадалық ән айту мектебінде вокал, хореография, сахналық шеберлікпен айналысады. Сондай-ақ "Ертегілер "шоу-тобында ән айтады. 2018 жылы ол "Бозторғай" халықаралық конкурсының Гран-при иегері атанды.

"Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауында көрермендер көзайымы жүлдесін иеленді. Ал 2019 жылы Ташкентте өткен "Роза Востока" халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.

Оның отбасы қыздарының тек ән айтуды үйренуін ғана емес, сонымен қатар жоғары шығармашылық нәтижелерге қол жеткізу деген ұмтылысын қолдайды", - дейді Ольга Хныкина.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Айта кетейік, сайысқа қатысушылар екі кезеңнен өткен. Олар бірінші күні өз ұлтының тілінде ән шырқаса, екінші күні - әлемдік хит әнді орындаған.

Ақтау командасы Дильназ Тілепова үшін Сая Махамбеттің "Қазағымсың" және Джамаланың репертуарынан "History" әнін таңдады.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені Беларусь елінен Ксения Галецкая жеңіп алса, бірінші орынды армениялық Анжела Албертян иеленген. Екінші орынды молдовалық Анастасия Барбэ мен украиналық Артур алған. Ал үшінші орынды ресейлік қыз Кира Гоголадзе және грузиялық Аннушка бөлісіп алған.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel