Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғына массаж жасатуға барған жүкті әйел комаға түсіп, қайтыс болды

Опубликовано:

Таиландтың солтүстігіндегі Чиангмай қаласында аяғына массаж жасатуға барған жүкті әйел комаға түсіп, жарты жылдан кейін қайтыс болды. Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлайды деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: Twitter

11 қаңтар күні Вириван Кедкесри аяғына массаж жасатып жатып, есінен танып қалған. Жүкті келіншек бірден ауруханаға жеткізіледі. Жедел жәрдем бөлімінде әйел адам инсульт пен жүректің тоқтауын өткеріп, нәтижесінде оның баласы түсіп қалады.

Дәрігерлер оған өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозын қойған.

Кедкесри комаға түсіп, жарты жылдан кейін туыстары оның сауығып кетуге мүмкіндігі қалмады деген шешімге келген. 19 шілде күні оны өмірмен қамтамасыз етіп отырған аппараттардан ажыратты.

"Бізге бұл шешім аса ауыр болды. Алайда, енді оны жаны тынышталды" , - деді марқұмның туысы.

Жергілікті полиция жүкті келіншекке массаж жасаған қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Таиланд полициясы Сутанья Кави жүкті әйелдерге массаж жасауға тәжірибесі жеткіліксіз болған деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806652-aagyna-massaz-zasatuga-bargan-zkti-jel-komaga-tsip-kajtys-boldy/

pixel