RU
АҚШ-та 10 жыл бұрын жоғалған азаматтың денесі дүкеннен табылды

АҚШ-та 10 жыл бұрын жоғалған азаматтың денесі дүкеннен табылды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Ларри Эли Мурильо-Монкад есімді азаматы 2009 жылы із-түссіз жоғалып кеткен. Ер адамды іздестіру шаралары 10 жыл қатарынан жүргізілсе де, оның мәйітін мамандар тек қазір ғана, өзі еңбек еткен дүкеннің қоймасынан тапқан деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: life.ru

Көрнекі фото: life.ru

Тергеушілер ер адам жоғалған сәтте оның ол әрекетіне, өзі тұтынып жүрген дәрілер әсер етуі мүмкін деген болжам айтқан. Себебі оның денсаулығына препараттардың әсері тым зор болған екен.

Сонымен бірге тергеушілер дүкенде қызметкерлер жұмыс арасында үстіне тауар қоятын тоңазытқыштардың болғандығын да мәлімдеген. Кейде қызметкерлер басшыларынан тығылған сәтте дәл сол тоңазытқыштарға кіріп кетеді екен.

Осылайша Монклад сол күні тоңазытқыш пен қабырға арасында 45 сантимертлік бос орынға құлап кеткен екен. Ол сол бойы ол жерден өздігінен шыға алмаған.

Ер адамның қалдықтарын оның үстіндегі киімінен анықтаған екен. Сондай-ақ, мамандар оның ата-анасының ДНК сараптамасын да жасапты. Нәтижесінде марқұмның он жыл бойы жоғалған Ларри Эли Мурильо-Монкад екені анықталған.

Тергеушілер мәйітті тексеру барысында оны ешкім өлтірмегенін, ер адам қайғылы жағдайдың құрбаны болғанын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel