Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев алматылықтарға өтініш айтты

Опубликовано:

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына өтініш айтты. Шаһар басшысы су ағып жатқан арықтарға қоқыс тастамауды сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Оңтүстік астананың әкімі өзі тағайындалғаннан кейін бірінші болып көтерілген мәселелердің бірі - арық жүйесі болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған.

Қала басшысының айтуынша, қазіргі таңда Алматының төрт ауданындағы арықтарда су ақты. Олар: Әуезов, Алмалы, Бастандық және Медеу аудандары.

Сағынтаев қалған аудандардағы арықтарға су айдың соңына дейін жіберілетінін хабарлады.

Оған қоса, ол арықтарда не себепті су болмағанын айтты. Сағынтаевтың сөзінше, бұл мәселенің себебі де күлкілі. Оған шлюздардың жабықтығы себеп болған.

"Арықтарда судың сыңғырлап ағуы — біздің қаламыздың қайталанбас көрінісі, оның ерекшелігі. Қашанда осылай болған. Су жібергеніміз жақсы жаңалық. Қала қызметтері, әрине өздерінің жұмыстарын атқарып, арық жүйесін ретке келтіретін болады. Арықтарды таза ұстау, оған қоқыстарды лақтырмау бәрімізге ортақ іс. Бұл менің қалалықтарға жасаған өтінішім" , - деді Алматы басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1806667-sagyntaev-almatylyktarga-tinis-ajtty/

pixel