Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектордың артында бес баласы қалды

Опубликовано:

Бүгін, 23 шілде күні браконьерлерге тап болған инспекторлардың аты-жөні белгілі болды. Қаскөйлер қолынан қаза тапқан азаматтың есімі Қаныш Нұртазинов, зардап шеккен ер адам Самат Оспанов екені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Depositphotos
Көрнекі сурет: Depositphotos: Twitter

Экология, геология және табиғат ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлерді ұстау кезінде "Охотзоопромның" Қаныш Нұртазинов есімді инспекторы қаза тапқанын хабарлады. Екінші инспектор Самат Оспанов қазіргі таңда ауруханада жатыр.

Ол қаскөйлер қолынан қаза тапқан инспектордың отбасына көңіл айтып, екі жанұяға да қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

43 жасында қайтыс болған азаматтың артында жары, төрт қызы мен ұлы қалған.

Ол кәсіпорында 2016 жылдан бері жұмыс істеген.

Айта кетейік, бүгін браконьерлер екі инспекторға оқ атты. Оқиға салдарынан бір қорықшы қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1806767-brakonerler-kolynan-kaza-tapkan-inspektordy-artynda-bes-balasy-kaldy/

pixel