Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда үш басты сәби дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

11 шілде күні Үндістанның Уттар-Прадеш штатында "үш басты" сәби дүниеге келді. Дәрігерлер қыз баланың сирек дертке шалдыққанын алға тартты деп хабарлайды comments.ua-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: podrobnosti.ua
Фото: podrobnosti.ua: Twitter

Дәрігерлер сәбиден туғанынан энцефалоцеле — бас сүйегі мен ми дамуының кемшіліктерін байқаған. Олардың айтуынша, нәрестенің ми қабығының жартысы бас сүйегінің сыртында қалыптасқан екен.

Салдарынан қыз балада қатарынан "үш бас бар" болып шыққан.

Дәрігерлердің сөзінше, жас ананың жүктілігі кезінде оның денсаулығынан қандай да бір кінәрат табылмаған. Қазіргі таңда мамандар сәби денсаулығында неліктен мұндай ақау табылғанын анықтап жатыр.
"Бұл сирек кездесетін дерт. Баланың денесі дұрыс дамымаған. Біз МРТ жасаймыз, кейін баланың бастарын ажырататын ота жасаймыз", - деді аурухана дәрігері Раджеш Тхакур.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806773-ndistanda-s-basty-sbi-dniege-keldi-foto/

pixel