Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда кезекті рейд кезінде 20 жезөкше ұсталды (видео)

Опубликовано:

проститутки
Фото: видеодан кадр: Twitter

Таразда полиция қызметкерлері профилактикалық шара аясында жезөкшелікпен айналысқан 20 бойжеткенді ұстады. Тәртіп сақшылары ұйымдастырған кезекті рейд бейнекамераға түсірілген деп жазады ZhambylNews басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейлер рейдке түнгі уақытта шыққанын хабарлады.

Олар Тараз көшелерін, қонақүйлерді, сауықтыру және емдеу орталықтарын тексерген.

Тәртіп сақшылары ақылы түрде жыныстық қызмет ұсынатын 20 шақты бойжеткенді ұстады. Олардан саусақтарының іздері алынды. Сонымен қатар, "түнгі көбелектермен" әңгіме жүргізіліп, есепке тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806873-tarazda-kezekti-rejd-kezinde-20-zezkse-staldy-video/

pixel