Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны бала-шағасының көзінше итін асып өлтірді

Опубликовано:

Алматы тұрғыны кішкентай балаларының көзінше өз итін асып өлтірді. Жантүршігерлік жағдайды көршілері ұялы телефонға түсіріп алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр/ КТК
Фото: Видеодан кадр/ КТК: UGC

Көршілердің айтуынша, жануардың жанын алмас бұрын әлгі жігіт оны өлімші етіп сабаған.

Олар иесінен таяқ жеп қыңсылаған иттің ақыр соңында жан даусын естігенде далаға жүгірген. Осылайша, ащы дауысқа ытқып шыққан көршілері асылып тұрған жануарды көріп, жағасын ұстаған.

Куәгерлер иттің жарты сағаттай асылып тұрғанын айтады. Ақырында иесі жұрт шулап қоймаған соң шешіп алыпты. Байғұс ит бұған дейін де талай мәрте иесінен таяқ жеген екен. Бірақ "қой" деуге ешқайсының дәті бармаған.

Ең сорақысы, болған жайтты бастан-аяқ есік алдында ойнап жүрген бала-шаға көрген. Бірақ, иттің иесін бұл да тоқтатпапты. Керісінше, жануардың жаны шыққанша қызықтап қарап тұрған көрінеді.

Асылып тұрған иттің кадрлері әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен соң оқиға болған үйге жануарларды қорғаушылар мен полицейлер жетіп келген. Оларға үй иесі итті балапандарға тиіскен соң асқанын айтып түсіндірген. Бірақ, белгілі болғандай, ит тұрмақ, адамның миын қайнатқан мына шіліңгір ыстықта үй иесі жануарына не тамақ, не су бермеген екен.

Ішегі-ішегіне жабысқан жануар содан тауық қораға ауыз салған болуы мүмкін. Десе де, отағасы ит тірі деп бет бақтырмай отыр.

"Әлгі еркектің өзі де, әйелі де иттің обалына қалдық деп тұрған жоқ. Полициямен бірге барғанымызда: "менің итім, өзім білемін" деп тұр. Тіпті, бала-шағасының психикасын ойлап тұрған жоқ. Балалары кішкентай. Иттің өлгенін бәрі көрген", - Жануарларды қорғаушы топтың еріктісі Аксинья Маковецкая.

Полицейлер кінәлілерді жазалаймыз деп сендірді. Олардың айтуынша, қылмыстық тергеу басталып, итті қинап өлтіргендер бес жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1806877-almaty-trgyny-bala-sagasyny-kzinse-itin-asyp-ltirdi/

pixel