RU
Қазақстанда броконьерлер үшін қылмыстық жаза күшейтіледі
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда броконьерлер үшін қылмыстық жаза күшейтіледі

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қаза тапқан қорықшының отбасына көңіл айтып, браконьерлермен күресу үшін заңнаманың күшейтілетінін хабарлады. Бұл туралы министр өзінің Twitter-аккаунтында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектор Нұртазинов Қаныштың туыстары мен жақындарына өз атымнан және Министрлік атынан қайғыра көңіл айтамын. Инспектордың артында қалған бес баласымен отбасысына барлық көмек көрсетіледі. Марқұмның жерлеу шараларын өз қолымызға аламыз", - деп жазды министр.

Сонымен қатар, ол жарақат алған екінші инспекторға тезірек айығуын тіледі.

Министр браконьерлікпен күрестің жақсаруы үшін қылмыстық заңнаманың күшейетінін атап өтті.

Сонымен қатар, "Охотзоопром" инспекторлық құрамының арасында жақын айда арнайы оқу-жаттығулар өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде браконьерлердің шабуылынан бір "Охотзоопром" инспекторы қаза тауып, тағы бір жарақат алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel