Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік әйгілі боксшы жекпе-жекте алған жарақаттарынан көз жұмды

Опубликовано:

Ресейлік боксшы Максим Дадашев 20 шілде күні өткен жекпе-жегінде алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны спортшының командасы растады деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Максим Дадашев. Фото: golos-ameriki.ru
Максим Дадашев. Фото: golos-ameriki.ru: Twitter

Анықталғандай, Дадашев америкалық ауруханада көз жұмған. Боксшының танысы ТАСС агенттігімен сұхбаттасып, Максимнің жүрегі шыдамағанын айтты.

Максим Дадашев Оксон-Хиллде Сабриел Матиаспен өткен жекпе-жектен кейін аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. 20 шілде күні орын алған кездесу 11-раундта ресейлік боксшының секундантының өтініші бойынша тоқтатылған.

Максимге субдуралды гематома кесірінен екі сағаттық ота жасалынды. Ісікті жою үшін оның бас сүйегінің бір бөлігін алып тастауға тура келген. Артынан спортшы медикаментті комаға түскен.

Дадашев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы өткізді. Матиаспен кездесуге дейін ол жеңіліп көрмеген болатын. Боксшы қатарынан 13 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Барлық кездесулерін ол АҚШ-та өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806882-resejlik-jgili-bokssy-zekpe-zekte-algan-zarakattarynan-kz-zmdy/

pixel