Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қызға ғашық болған ерлі-зайыптылар оған сөз салды

Опубликовано:

Австралия тұрғындары Тай мен Рози отбасын құрып, тату-тәтті өмір сүрген. Алайда Рози күйеуіне өзінің бисексуал екенін ашып айтқан. Осылайша, жас жұбайлар 2018 жылдың мамырында Кенешье есімді арумен танысып, екі ай өткеннен кейін бірге тұруға шешім қабылдаған деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Жастар ата-аналарының қарсылығына қарамастан неке қидырту рәсімін өткізіпті.

Тай мен Рози 17 жаста болғанда танысып, бір жыл өткеннен кейін отбасын құрған. Екі жылдан кейін Рози өзіне ер азаматтар мен әйел адамдарды бірдей ұнататынын айтыпты.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Жас жұбайлар арнайы сайттарға тіркеліп, Кенешье есімді студент бойжеткенмен танысыпты. Рози мен Тай арумен кезектесіп кездесуге барып тұрған екен. Олар бір-бірін бірінші кездесуде-ақ ұнатып қалған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

2018 жылдың қарашасында Рози Кенешьеге сөз салған, ал Тай сапарда болған себепті романтикалық іс-шараға скайп арқылы қатысқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

2019 жылдың ақпанында ол үйіне қайта оралып, сүйіктілеріне сөз салыпты. Олар ортақ тойларын келер жылы өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Жас жұбайлардың сөзінше, олардың қарым-қатыснасы түсіністік пен сыйластықтың негізінде құрылған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Олардың сөзінше, үш адамнан құрылған отбасы қателік болып есептелмейді. Жас жұбайлар жай ғана бірін-бірі шын сүйеді. Қыздар мен жігіт күнделікті күйбең тірлік кезінде ешқандай түсініспеушіліктер орын алмайтынын айтуда.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1806884-zas-kyzga-gasyk-bolgan-erli-zajyptylar-ogan-sz-saldy/

pixel