RU

Лондонда жүрген Әбдірахымов қазақстандықтарға сәлем жолдады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Лондонда жүрген Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қазақстандықтарға сәлем жолдады. Мегаполис басшысы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Видеодан кадр

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Видеодан кадр: Instagram

"Бәріне сәлем! Лондоннан сіздерге сәлем жолдап тұрмын! Таңғы астан соң қалада серуендеп қайтуды жөн көрдім. Лондон бұл - әлем астанасы. Мұны дәлелдеудің де қажеті жоқ. Бірақ мен Қазақстанды жақсы көремін. Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеп, бүкіл әлемге саяхат жасау керек.
Меніңше, елін сүйетін адамдардың бақыты сонда жатыр. Мен біздің жастар мен ұрпақтарымызға елімізде жұмыс істеп, жетістікке жетуін тілеймін. Мен барлығына ризамын. Біздің елдің болашағын құрған алдыңғы буынға алғыс айтамын. Қазақстанның болашағы зор деп ойлаймын және соған сенемін", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Лондонда жүрген Әбдірахымов қазақстандықтарға сәлем жолдады (видео)