RU
Бірнеше күн бұрын ауруханаға түскен Роза Әлқожа көпшілікке алғыс айтты

Бірнеше күн бұрын ауруханаға түскен Роза Әлқожа көпшілікке алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын Қарағандыдағы ауруханаға түсіп қалғанын айтқан Роза Әлқожа өзі үшін алаңдағандарға сәлем жолдады. Әншінің жағдайы жақсарып, той бизнесіне кірісіп кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші оқырмандарына деген шексіз алғысын Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

"Осы шілде айы қарбаласпен басталған. Таңғы сұхбат, Әбдіжаппардың кеші, "Ән мен әнші" дегендей қалуға болмайтын керемет кештер өтті. Одан туыстардың тойы деп шапқыладық. Қазақ деген қан түкіргенше жүре беретін сабырлы елміз ғой. Қапшағайда балалармен демалып, Жетісайдың ыстығына жеткенде, кенеттен жөтел пайда болған.

Қазақша емделіп Алматыға ұшып келдік. Одан тағы ұйықтамай, Қарағандыға жеткенбіз. Бірақ осы төркініме жеткенде ағзам қарсыласып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Жедел жәрдемде кетіп бара жатып, құрбым "қыдыртып келе жатырмын" деп қалжыңдап суретке түсіріп отырған. Бір күнде екі рет шақырған соң олар үйде қалдырмайды екен. Оның үстіне қызуым түспей қойған соң да алаңдады", - деп әнші істің мән-жайын түсіндірді.

Сондай-ақ, өнер иесі тыңдармандарына алғыс айтты.

"Жүрекке жүк түспесін. Сәл тәуір болған соң дәрігер, медбикелер келіп, "суретке түсейік" деген. Соның әсерімен салдық осында. Бүгін тәуірмін. Жақсы екенімнен де хабардар етейін. Жүректеріңізден айналдым", - деді Роза Әлқожа.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel