Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсұлтан Сейітовтің клипі MTV Video Music Awards 2019 сыйлығына ұсынылды

Опубликовано:

Қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітовтің танымал 21 Savage и J. Cole рэперлеріне арнап түсірген клипі MTV Video Music Awards 2019 сыйлығына ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айсұлтан Сейітов америкалық 21 Savage и J. Cole рэперлеріне бейнебаян түсіріп берген. Күні кеше аталған туындының MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды.

Бұл туралы қазақстандық жігіт өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Осылайша, "A Lot" әніне түсірілген клип "Жылдың ең үздік видеосы" атағына ұсынылып, мықты қарсыластармен бақталаспақ.

Дәл осы атаққа "Bad Guy" әнімен Билли Айлиш, "Thank u, next" әнімен Ариана Гранде және "Sucker" туындысымен Jonas Brothers, "Old Town Road" әнімен Lil Nas X пен Билли Рэй Сайрус және "You Need to Calm Down" әнімен Тейлор Свифт ұсынылуда.

Айта кетейік, MTV Video Music Awards сыйлықтарын табыстау биылғы жылдың 26 тамыз күні өтеді.

Осы жылдың 1 ақпанында рэпер 21 Savage ресми YouTube-арнасында "A Lot" трегіне арнайы түсірілген клипін жариялады. Қазіргі таңда клип 156 млн-нан астам қаралым жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806906-ajsltansejitovty-klipi-mtv-video-music-awards-2019-syjlygyna-synyldy/

pixel