Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында көлік жүргізушісі жол үстіндегі түйені қағып кетті (фото)

Опубликовано:

Маңғыстау облысында көлік жүргізушісі жолда түйені қағып кетіп, нәтижесінде үш адам зардап шекті. Қатты соққыдан жануар сол жерде мерт болған деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: Depositphotos

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Lada Vesta көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол үстіндегі түйені қағып кеткен. Көлікте үш жолаушы болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адамдардың үшеуі де Шетпе ауылының аудандық ауруханасына жеткізілген. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, кейін азаматтардың үшеуі де үйлеріне жіберілген.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: Depositphotos

Аталған оқиға бойынша, Lada Vesta жүргізушісіне ҚР ӘК 610-бабы бойынша хаттама толтырылған. Алдағы уақытта жүргізушінінің нақты қандай жауапкершілікке тартылатыны белгілі болады дейді басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806910-magystau-oblysynda-klik-zrgizusisi-zol-stindegi-tjeni-kagyp-ketti-foto/

pixel