Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан отбасымен шетелде демалып жүр

Опубликовано:

Ерке Есмахан ата-анасы мен бауырларын алып, шетелге саяхатқа аттанды. Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан. Фото: Әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Ерке Есмахан. Фото: Әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Көптен бері ойымда жүрген жоспарым Алланың қалауымен жүзеге асты. Ата-анамды әрең дегенде көндіріп, шетелге демалысқа алып шықтым. Неше жылдан бері саяхаттауға қарсы болған ата-анам осы жылы келісті ғой әйтеуір.
Немерелермен бірге демалуға ыңғайлы жер деп осы елді таңдадым. Осындай үлкен отбасылық саяхатты бәріңізге тілеймін", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Ерке Есмахан отбасылық демалысқа Египет елін таңдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806913-erke-esmahan-otbasymen-setelde-demalyp-zr/

pixel