Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған бұйырмады": Қайрат Нұртас Джеки Чанмен кездескен Димашқа қызықты

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас әлі күнге дейін орындалмай келе жатқан арманы туралы айтты. Әнші бала кезінен бері әйгілі Джеки Чанмен кездескісі келген. Алайда, аңызға айналған актермен жүздесу оған әзірге бұйырмаған. Бұл мәртебеге одан бұрын Димаш Құдайберген ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Джеки Чанмен жеке кездесіп, тілдескен отандасына қызыққан Қайрат Нұртас ол туралы Intsagram парақшасында жазба жариялаған. Хитмен өзі қол жетпесе де, қытайлық жұлдызды көрген Димаш үшін қуанышты екенін жеткізді.

"Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді. Маған әлі бұйырмады. Бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүние жүзін таң қалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін! Басыңнан бағың таймасын Димашжан" , - деп жазған әнші.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген өнердегі ағасына алғысын айтқан.

"Қайреке, Алла разы болсын сізге. Аман болыңыз" , - деп жауап қайтарған. ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806915-magan-bjyrmady-kajrat-nrtas-dzeki-canmen-kezdesken-dimaska-kyzykty/

pixel