RU
Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы көпшілікпен бірге ауыз судың жоқтығына шағымданды
Жаңалықтар Қоғам

Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы көпшілікпен бірге ауыз судың жоқтығына шағымданды

Рассказать Вконтакте

Алматы маңындағы Талғар, Қарасай ауданы тұрғындары ауыз су мәселесінен зардап шегіп отырғанын айтты. Олардың арасында Қарасай ауданында тұратын Мейрамбек Бесбаевтың да ата-анасы бар деп хабарлайды 31 арна.

Мейрамбек Бесбаев, әншінің анасы. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, 31 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мейрамбек Бесбаев, әншінің анасы. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, 31 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жыл сайын наурыз айынан басталатын ауыз су мәселесінен мезі болған тұрғындар ашуға бой алдырып, бұл мәселені облыс әкімінің шешкенін қалайтынын жасырмады.

"Наурыз айынан бастап су лас. Тамшылап ағады да, жоқ болып кетеді. Дәрет алатын су жоқ. Қиналып жүрміз. Балаларға да шай қайнатып бере алмаймыз", - дейді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны.

Танымал әншінің ата-анасы да бос құтыларын жинап, су күтіп отырғанын мәлім еткен.

"Бәрі таусылды. Балалар "төрт күннен бері жоқ". Үй де жиналмаған. Су жоқ болғасын, не істейсің? Бетіне қарап отырмыз", - деді ашынған Жібек Жолдасова.

Ал суға жауапты мекемелер қашан су ағатынын білмейді.

"24 сағаттың 12 сағатында су беріліп тұр. Бірақ оларда давление жоқ. Қазір қатты ыстыққа байланысты адам саны көбейіп, су азайып жатыр", - Бауыржан Айнақұлов "Таусамалы" МКК басшысы.
Сіздің реакцияңыз
15
0
2
2
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel