RU
Мойнындағы инемен алты жыл жүрген қытайлық бала жұртты шошытты

Мойнындағы инемен алты жыл жүрген қытайлық бала жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хэнань провинциясында сегіз жасар бала мойнындағы инемен алты жыл бойы жүрген деп хабарлайды Lenta.ru ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KanKanXinWen / Weibo

Фото: KanKanXinWen / Weibo

Баланың атасы немересінің аз қозғалып, жиі құлайтынын байқаған. Мұны немересінің организміндегі кальцийдің жетіспеушілігінен деп ойлаған. Бала мойнындағы қатты ауырсынуларға шағымданған соң отбасы оны ауруханаға алып барған.

Компьютерлік томография пациенттің жұлын каналында екі ұсақ металл зат, ал трахея аймағында тағы біреуі бар екенін көрсетті.

Нейрохирург Ли Тао ем-шара кешіктірілген жағдайда баланың сал болып қалуы мүмкін екенін ескерткен. Сондай-ақ, ол иненің фрагменттері трахея мен артерияларға жақын екенін және операция үлкен тәуекелмен жасалатынын түсіндірген.

Жетінші шілде күні жеті сағаттық операция кезінде хирургтар баланың мойнынан иненің бөліктерін алып тастады. Науқас қазір емдеу-оңалту орталығында. Ата-аналары баланың денесінде бес сантиметрлік тігу инесінің қалай пайда болғанын түсіндіре алмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel