Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уран нарығының майталманы": Мұхтар Жәкішев туралы не білеміз?

Опубликовано:

Бүгін, 24 шілдеде Семей соты "Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын шартты босату мәселесін қарастырады. Ол 2009 жылдың мамыр айында жемқорлық әрекет үшін айыпталып, 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жәкішевке қатысты тың мәліметтер KAZ.NUR.KZ материалында.

Фото: Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы: UGC

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Мұхтар Жәкішев 28 маусым күні Алматы қаласында заң ғылымдарының докторы, ҚазМУ заң факультетінің криминалистика кафедрасының меңгерушісі мен химия ғылымдарының кандидаты, ҚазКСР ғылым акадеиясының химия институтының қызметкерінің отбасында дүниеге келген.

"Қазатомпромның" бұрынғы басшысы отбасылы адам. Оның төрт баласы бар. Әйелі екеуі үш қыз бен бір ұлын тәрбилеуде.

Мәскеулік инженерлік-физикалық институтты "инженер-физик" мамандығы бойынша тәмамдады. МИФИ аспаранты әрі заң ғылымдарының кандидаты болып табылады.

Еңбек жолын ол ҚазМУ-да оқытушы-стажер ретінде бастап, "Қазатомпром" ұлттық компаниясының президенті қызметіне дейін көтерілді.

Бұл лауазымды орынға Жәкішев 1988 жылдың қыркүйек айында келді. Ұйымды 2009 жылдың мамыр айына дейін басқарды. Алайда, 2001 жылдың қазаны мен 2002 жылдың ақпаны аралығында ол энергетика мен минералды ресурстар министрінің орынбасары болып, басқарушылық қызметін тоқтатқан.

Оған қоса, бір уақытта "Қазатомпром" ҰАК" ЖАҚ дирекорлар кеңесінің төрағасы болып, "Ульбинский металлургический завод" АҚ директорлар кеңесін басқарды.

Әріптестері мен әлемдегі бизнес-серіктестері Мұхтан Еркінұлын "уран нарығының майталманы" деп атайды.

Олардың айтуынша, Жәкішев әлемдік салалық конференциялар мен симпозиумдерде сөз сөйлеп, уран бағасын нарықтық жағдайларға дейін әкелуге ықпал еткен.

"Қазатомпром" бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталды. Ол өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жаратып, пара алғаны үшін айыпталған.

Өткен жылдың мәліметтеріне сәйкес, Жәкішев денсаулығына байланысты түрмеде үнемі дәрі-дәрмек қабылдайды. Алайда, бас прокуратураның хабарлауынша, сотталушы ауруханаға жатуға мәжбүр болмаған.

Оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесі 2018 жылы қаралып, қанағаттандырусыз қалған. Оған 100 млрд көлеміндегі мемлекетке келтірілген шығынның өтелмегені себеп болған.

Бұған дейін, қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мұхтар Жәкішевті бостандыққа шығаруға қатысты оң пікірін білдірген болатын.

"Меніңше, бұл сұрақты дұрысынан шешудің уақытысы келді. Денсаулығы мен түрмеде отырған уақытына және оны соттаған баптардың ауырлығына қарау керек" , - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Ол Жәкішев "Қазатомпром" президенті ретінде бұл сала үшін көп нәрсе жасады деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1806933-uran-narygyny-majtalmany-mhtar-zkisev-turaly-ne-bilemiz/

pixel