Выйти
RU

Алматыда бойжеткен есігі ашық автобустан құлап кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда 23 шілде күні сағат 13:30-да қалалық №422 автобустан қыз бала құлап кеткен деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook

Фото: Facebook

Бұл мәліметті өзінің Facebook парақшасына Сергей Пак жария етті.

Автобус күннің қатты ыстығынан есікті ашық күйі жолда келе жатқан екен. Жазба авторының айтуынша, бойжеткен телефонынан құлаққаппен кино көріп отырған екен.

Зардап шеккен аруды оқиға орнынан жедел-жәрдем алып кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жүріп келе жатқан, есігі ашық автобустан құлап кеткен әйел адам қайтыс болған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда бойжеткен есігі ашық автобустан құлап кетті (фото)