Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жалған нөмірмен жүрген қымбат жол талғамайтын көлік ұсталды

Опубликовано:

Алматыда жалған нөмір тағып, рұқсат етілмеген сигналды қолданған жол талғамайтын көлік жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласының полиция департаменті
Фото: Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Жол сақшылары Тимирязев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser-200 көлігін тоқтатты.

Таңдаулы жол талғамайтын көлік бірден мамандандырылған тұраққа жеткізілді. 

Заңбұзушылыққа жол берген 60 жастағы көлік жүргізуші жалған нөмір мен арнайы жарық және дыбыстық дабылды не үшін орнатқанын түсіндіре алмады.

Сондай-ақ, ол жекеменшік көлікті арнайы көлік ретінде көрсеткісі келген.

"Мұндай көлік жүргізушілерінде жауапкершілік мүлде жоқ. Өйткені, көлік иесі саналы түрде жол ережелерін бұзып, жалған нөмір орнатып көшеге шығады"-деді полиция қызметкері.

"Жол талғамайтын көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 590-бабы 3-тармағына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, арнайы дыбыстық құрылғыларды рұқсатсыз көлікке орнатқаны үшін жазаланады. Оның көлігі қаладағы мамандандырылған көлік тұрағына жеткізілді", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальон командирі Серікжан Әбжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806966-almatyda-zalgan-nmirmen-zrgen-kymbat-zol-talgamajtyn-klik-staldy/

pixel