Выйти
RU

Бердімұхамедов қазасы жайлы хабардан кейін алғаш рет байланысқа шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірнеше күн бұрын қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған Түркіменстан президенті байланысқа шықты. Гурбангулы Бердімұхамедов өзбекстандық әріптесін туған күнімен құттықтаған деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Mikhail Svetlov/Getty Images

Фото: Mikhail Svetlov/Getty Images

Бүгін, 24 шілдеде Өзбекстан көшбасшысы Шавкат Мирзиеев туған күнін атап өтуде. Ол 62 жасқа толды.

Осы орайда Түркіменстан президенті әріптесіне телефон шалып, оны төл мерекесімен құттықтаған.

Бұл туралы өзбек тарапының баспасөз қызметі хабардар етті.

Бердімұхамедов демалыста жүргеніне қарамастан Мирзиеевті құттықтауды ұмытпаған.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын БАҚ-та Түркіменстан президентінің қайтыс болғаны жайлы хабар тараған еді.

Алайда ресми дереккөздер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бердімұхамедов қазасы жайлы хабардан кейін алғаш рет байланысқа шықты