RU
Бір жасар сәбиді қорғамақ болған екі ит пен кобраның айқасы видеоға түсіп қалды

Бір жасар сәбиді қорғамақ болған екі ит пен кобраның айқасы видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Филиппиннің Кидапаван қаласында 19 шілдеде жеке тұрғын үйге орнатылған бейнекамераға екі ит пен үйге кірмек болған кобраның текетіресі түсіп қалды деп жазады Rai77 сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Басылымның жазуынша, Мокси мен Майли есімді иттер бір жасар бала ұйықтап жатқан үйге қарай қозғалып бара жатқан улы жыланға шабуыл жасаған.

Қауіпті қонақтың үйге кіруіне жол бермей, онымен төбелескен.

Үй иесінің айтуынша, иттер баласының өмірін сақтап қалыпты. Бірақ төбелес нәтижесінде, Майли есімді ит жылан уынан мерт болған. Ал Моксидің көзі көрмей қалыпты.

"Көмекшіміз қорқынышты оқиға туралы айтқан кезде әйелім екеуіміз жұмыста болдық. Шошып кеттік, бірақ иттерімізбен мақтанамыз.
Менің баламды қорғағандары үшін батыр иттеріме алғысым шексіз. Майлиді қатты сағынатын боламыз", - дейді Хайме Селим жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
3
4
52
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel