Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында браконьерлер жаралаған инспектордың жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Браконьерлер жаралаған "Охотзоопром" қорықшысының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Самат Оспанов қазіргі уақытта Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделуде.

Телеарнаның мәліметінше, кеуде тұсы мен сол иығынан жарақаттанған инспекторды медициналық мекемеге санавиациямен жеткізген.

Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Дегенмен оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Әзірге Оспанов травмотология бөлімінде болады. Оның, есік алдына күзет қойылған.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында браконьерлер шабуылы салдарынан "Охотзоопромның" бір инспекторы қайтыс болып, тағы бірі зардап шекті.

Жедел іздестіру барысында күдіктілер қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806993-akmola-oblysynda-brakonerler-zaralagan-inspektordy-zagdajy-belgili-boldy/

pixel