RU
Тоқаев президент ретіндегі алғашқы сапарын неліктен Түркістан облысынан бастады?

Тоқаев президент ретіндегі алғашқы сапарын неліктен Түркістан облысынан бастады?

Рассказать Вконтакте

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Егемен Қазақстан басылымына сұхбат беріп, көпті толғандырып жүрген бірқатар сауалдарға жауап берген. Ол сұхбат барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің алғашқы сапарын неліктен Түркістан облысынан бастағанын да айта кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұрағаттық фото: Ақорда

Мұрағаттық фото: Ақорда

Берік Уәлидің сөзінше, президенттің бұл шешімінен, оның бойындағы қазақылықты аңғаруға болады екен.

"Қазақ – ата-бабасының рухын қастерлеген халық. Мемлекет басшысы өзінің алғашқы сапарын Түркістаннан бастағанын нағыз түркілік ұғымнан туындаған дүниетаным деп айтуға болады.

Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының шетелде көп жүргенімен, ата-баба дәстүрін берік ұстанатынын және ұлттық рухы мықты екенін көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатының салмағын қара нардай көтерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақы қалпынан еш айнымағанын, бабалар салған салтқа берік екенін білдіреді", - дейді ол.

Сонымен бірге президенттің баспасөз хатшысы сұхбат барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының өңірлерге барғанда, кімдердің басына барып зиярат еткеніне де тоқталды.

"Киелі жерлері мен дана тұлғаларын ерекше қадірлей білген қазақ халқында "Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – пір Бекет" деген ұлағатты сөз бар. ШҚО сапары барысында Жидебайға арнайы атбасын бұрып, Абай атамыздың басына барды, Алматыда Райымбек бабаға зиярат етті.

Сондықтан мемлекет басшысының еліміздің қасиетті жерлеріне зиярат жасап, айтулы тұлғаларына Құран бағыштап, халқының амандығы мен жұртының тыныштығын тілегені – өскелең ұрпаққа үлгі.

"Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген дана халқымыз. Сондықтан президент аса үлкен лауазымды қызметке кірісер алдында осылайша бабалар рухына тағзым етіп, олардан рухани күш-қуат алған болар... Яғни, қазақылық – Қасым-Жомарт Кемелұлының қанында бар қасиет", - дейді Берік Уәли.
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel