RU
Тұрғымбаев инспекторларға шабуыл жасағандарды ұстау операциясы жайлы толығырақ айтты

Тұрғымбаев инспекторларға шабуыл жасағандарды ұстау операциясы жайлы толығырақ айтты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысында инспекторларға оқ атқан қылмыскерлерді полиция қызметкерлері қалай ұстағанын толығырақ айтып берді. Ол күдіктілерді әуе мен жерден іздестіргенін жеткізді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев, фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ерлан Тұрғымбаев, фото: ІІМ баспасөз қызметі

Министрдің сөзінше, еліміз бойынша "Ұстау" жоспары жарияланған. Оқиға орнына жақын орналасқан Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жеке құрамы дереу күшейтілген қызметке көшкен.

Тас жолдарға блок-бекеттер қойылып, жедел-іздестіру топтары жіберілген.

Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына ІІМ ТЖК тікұшақтары, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және "Арлан" арнайы бөлімшесінің қызметкерлері қатысқан.

Нәтижесінде, Арқалық қаласының тұрғыны күдікті ретінде анықталып ұсталған.

Сондай-ақ, оқиға орыннан 20 шақырымдай жерден "Нива" маркалы автокөлік табылған.

Сонымен қатар қылмыс құралы мен оқ-дәрілер тәркіленген.

Ал қорықшы Қ.С. Нұртазиновтың өліміне және қорықшы С.К. Оспановты өлтіру әрекетіне байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда бұл қылмысқа басқа да қатысушылардың бар-жоғы тексерілуде.

Министр жыл басынан бері киіктерді браконьерлік жолмен аулау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалып, 32 адам ұсталғанын, 634 киік мүйізі, қылмыс құралдары, 13 көлік және 19-атыс қаруы алынғанын атап өтті.

Тұрғымбаевтың сөзінше, келтірілген шығын көлемі 1,3 миллиард теңгеден асқан.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында браконьерлер шабуылы салдарынан "Охотзоопромның" бір инспекторы қайтыс болып, тағы бірі зардап шекті.

Жедел іздестіру барысында күдіктілер қолға түсті.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel