RU
Димаш Құдайберген Джеки Чанды ғажайып дауысымен таңғалдырды (видео)

Димаш Құдайберген Джеки Чанды ғажайып дауысымен таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чан фильмдерінің жыл сайынғы V фестивалінде өнер көрсетті. Іс-шара Қытайдың Датун қаласында 21 шілдеде басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында Джеки Чанның кинофестивалінде өнер көрсеткен сәтін жариялады.

Димаштың Қытайдағы фильм апталығының ашылу салтанатында The Crown, Screaming және Unforgettable Day композицияларын орындағаны белгілі болды.

Ол соңғы әнін танымал тайвань әншісі Тэрри Линмен бірге шырқады.

Кадрдан қазақстандық әртістің өнеріне Джеки Чанның таңғалғанын байқауға болады.

Мұны көрген желі Димаштың жанкүйерлері "Таңғажайып орындау", "Супер, тіпті айтарға сөз жоқ", "Керемет дуэт", "Ән орындау шеберліктері - жоғары деңгейде", "Өте керемет", "Денем тітіркеніп кетті" деген сынды пікірлер қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel