Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер: Ларингитті дұрыс емдемеу – баланың дауысына зақым келтіреді

Опубликовано:

Ларингит балаларда жиі кездесетін аурудың түрі. Оны қалай емдеуге, қалай алдын алуға болады? Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі, жоғары білікті балалар инфекционисті – Жанар Самбетқызы Бөкенованың ларинготрахеит туралы берген сұхбатын оқи отырыңыз...

Дәрігер: Ларингитті дұрыс емдемеу – баланың дауысына зақым келтіреді
Сурет: Pixabay.com: UGC

Жанар Самбетқызы, ең алдымен ларингит дегеніміз не, ол неден пайда болады?

Ларингитпен көбінесе балалар ауырады. Көмейдің шырышты қабатының және дауыстық байламдардың қабынуынан пайда болады. Сонымен қатар, ларингит көбінесе суық тиюмен немесе жұқпалы аурулармен байланысты. Балаларда қабыну процесі барлық көмей мен жұтқыншаққа таралады. Ларинготрахеитпен ауырған баланың жұтыну кезінде тамағы ауырып, жағымсыз сезімдер мазалап, қышу, дауыстың құрғауы сияқты белгілер болады. Аурудың күрделі түрде өтуі дауыстың жоғалуына әкелуі мүмкін.

- Аурудың күрделі өтуі не себептен болады? Қандай факторлар ауруды асқындатады?

Балалардағы ларингит ауруы көмей аймағында патогенді микроорганизмдердің (бактериялар, вирустар) таралуы нәтижесінде пайда болады. Көмейдің қабынуы тұмау, респираторлық-синциталдық вирус, қызылша, желшешек, скарлатин сияқты т.б. аурулардың асқынуынан болуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда балаларда ларингиттің асқынуына инфекциялық емес факторлар да ықпал етеді.

Олар:

  • Аллергиялық реакция;
  • Ағзаның жалпы салқындауы;
  • Ауыз арқылы тыныс алу;
  • Үйдегі ауаның тозаңдануы;
  • Тітіркендіргіш химиялық заттармен тыныс алу;
  • Көмейдің тұрақты шамадан тыс кернеуі және дауыстық байламдарға үлкен күш түсу. (бұл әсіресе опералық әншілерде, немесе қатты айқайлағанда болады.);
  • Химиялық күйік алғанда.
  • Жалпы кез келген инфекциялық аурумен ауырған баланы дұрыс емдемей, дер кезінде дәрігерге қаратпаған жағдайда ауру асқынады.
  • Жаңа туған нәрестелерде ауруды қалай анықтауға болады? Жалпы аурудың симптомдары туралы айтып берсеңіз.

Әрине, жаңа туған нәрестелер (емшектегі балалар) тамақтың ауыруы мен жағымсыз сезімге және аурудың басқа да белгілеріне шағымдана алмайды. Сондықтан кішкентай балаларда ларингит симптомдарын дәрігер көзбен көріп, қарау керек. Ата-аналар баладағы әлсіздікті, мазасыздықты, жөтелді, мұрнынан су ағу, айқайлаған немесе жылаған кезінде дауысынан сырыл мен шуды бақылау керек. Осы белгілер байқалған кезде аурудың одан ары ушығып кетпей, дұрыс ем тағайындалу үшін дәрігерге көрсету керек.

Аурудың жалпы белгілері:

  • Қалыпты көңіл-күйдегі аурудың кенеттен көрініс табуы;
  • Жұтыну кезінде ауырсыну сезімі;
  • Тамақтың қызаруы;
  • Әлсіздік;
  • Дене температурасының 38 градусқа дейін көтерілуі;
  • Бас ауруы;
  • Тыныс алудың қиындауы;
  • Дауыста сырылдың пайда болуы немесе дауыстың жоғалуы;
  • Құрғақ жөтел;
  • Көмейдің ісінуі.

Байқағаныңыздай ларингит белгілері басқа да жұқпалы ауруларға өте ұқсас. Алайда, ларингит бұл тікелей дауыс байламдарына қатысты болғандықтан, оны құрғақ, әрі ысылдаған жөтел (лающий кашель) арқылы қатесіз анықтауға болады.

Патологияны диагностикалауды және емдеуді педиатр жүргізеді, қажет болған жағдайда отоларинголог маманына жүгінуге болады.

Ларингитпен жазда, күннің ыстығында да ауырып жатады, бұның себебі неде? Жалпы тамақ ауруы болсын, басқада жұқпалы ауруларды тек күн суық кездерде ғана ауырады деген түсінік қалыптасқан, бұл қаншалықты дұрыс?

Жұқпалы аурулардың түрі көп. Және олардың әрқайсысының өз мерзімі болады. Мерзімді жұқпалы аурулар кейде созылмалы болып келеді. Ал жаз мезгілінде балалар көбінесе далада жүреді. Күн ыстықта терлеп келіп қатты салқын су, балмұздақ жейді, кондиционер қосылған жерде ауызбен тыныс алады, шаң-тозаң көп болатын жерлерде жүгіріп ойнап жүреді.

Осындай факторлардың әсерінен балалар жаз мезгілінде де ларингитпен ауруы мүмкін. Бірақ, бұл барлық балаға қатысты емес. Әр баланың ағзасы, иммунитеті әр түрлі екенін естен шығармаған жөн. Ең дұрысы, профилактикалық шараларды әр ата-ана жасап отырса аурудың ушығуын тоқтата алады.

Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы тапсырысы бойынша

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807020-driger-laringitti-drys-emdemeu---balany-dauysyna-zakym-keltiredi/

pixel