Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жекпе-жектен кейін көз жұмған боксшының әйелі желіде жазба қалдырды

Опубликовано:

АҚШ-та жекпе-жек кезінде алған жарақатынан көз жұмған ресейлік боксшы Максим Дадашевтің жұбайы желіде жазба жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Махаббатым менің! Сен менің әрдайым жүрегімдесің, қайғыдан қан жұтып отырмын! Отбасымыз үшін өте ауыр кезең туды", - деп жазды спортшының әйелі.

Еске сала кетейік, Максим Дадашев 19 шілде күні АҚШ-та пуэрторикалық Субриэль Матиаспен кездесу өткізді.

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін спортшы кездесуді 11-ші раундта тоқтатуға мәжбүр болған.

Жекпе-жектен кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскендіктен, спортшыны тез арада жеткізілген.

Боксшыға екі сағат бойы ота жасалған. Алайда ол ауруханада көз жұмды.

Айта кетейік, бұл спортшының мансабындағы алғашқы жеңілісі болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807035-zekpe-zekten-kejin-kz-zmgan-bokssyny-jeli-zantebirenterlik-zazba-kaldyrdy/

pixel