Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев и Нурсултан Назарбаев
Фото: UGC

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан көшбасшысы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Екі жақты әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық және мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі.

Тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында Қазақстан-Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық тың серпін алып, жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Өзара сауда көлемінің артуымен және экономикалық қатынастардың нығаюымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың белсенді дамып келе жатқанына назар аударылды.

Атап айтқанда, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы табысты өтті, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында іс-шаралар өткізілуде. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев күн тәртібіндегі өңірлік мәселелерді де талқылады.

Тараптар тату көршілік рухында және екі ел халқының игілігі жолында дамып келе жатқан Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қатынастары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.  

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта 62 жасқа толған Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1807057-elbasy-savkat-mirzieevti-tugan-knimen-kttyktady/

pixel