RU
ШҚО полицейлері ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын қулыққа көшкен
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО полицейлері ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын қулыққа көшкен

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының жолдарында патрульдік полиция көліктерінің макет-муляждары пайда болды деп хабарлайды аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Фото: ШҚО полиция департаменті

Фото: ШҚО полиция департаменті

Басылымның мәліметінше, муляждар айнытпай жасалған, олар алыстан шын көлік секілді көрінеді. Жүргізушілер бұл патрульдік полиция экипажының тұраққа орнатып қойған макеті екенін жақындағанда ғана біледі.

Қазіргі уақытта осындай төрт муляждың жолға қойылғаны белгілі болды.

Басылым олардың қала сыртындағы ең қауіпті учаскелерде орнатылып жатқанын, осы жерлерде жүргізушілер жол қауіпсіздігі үшін жылдамдықты азайту қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 394 жол апаты тіркелсе, оның 124-і белгіленген жылдамдықты асыру салдарынан болған.

Сіздің реакцияңыз
7
3
0
1
3
24
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel