RU
Алматыдағы автобус апаты: Алты адам ауыр халде жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы автобус апаты: Алты адам ауыр халде жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақ халаттылар Алматыдағы автобус пен КамАЗ соқтығысуынан жарақат алған жолаушылардың жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жолаушылардың барлығы №4 қалалық ауруханаға түскен. Алты адам политравма бөлімшесіндегі қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

"Олардың жағдайы өте ауыр. Қазір шокқа қарсы терапия жүргізіліп жатыр. Барлығы жоғары инертті қозғалыстың кесірінен ауыр жарақат алған. Пациенттерді мультидисциплинарлы бригада өкілдері қарады. Бір пациент амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді", - дейді қалалық қоғам денсаулығын сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік жол апаты 24 шілдеде Түрксіб ауданына қарасты Шоссейная және Боралдай көшелерінің қиылысқан тұсында, таңғы 9:35-те болған. 

Автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel