RU
Білім министрі қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды

Білім министрі қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымдылық жасауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/askhat.aimagambetov

Фото: Facebook/askhat.aimagambetov

Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Алдымызда жаңа оқу жылы келе жатыр. Сәйкесінше, оқушыларымызға оқу құралдары мен мектеп формасы қажет екенін білесіздер. Осы мәселені шешу үшін жыл сайын еліміздің барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.
Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған", - деп жазды Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, 2018 жылы акция аясында 328 766 оқушы 2 млрд 822 млн 846 мың теңгеге материалдық және қаржылық көмек алған.

Ол мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына сәйкес, "Мектепке жол" акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
2
1
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel