RU
"Адам сияқты қарамаған": Алматылық келіншектің өліміне жақындары дәрігерлерді кінәләуда
Жаңалықтар Қоғам

"Адам сияқты қарамаған": Алматылық келіншектің өліміне жақындары дәрігерлерді кінәләуда

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы №1 перинаталдық орталықта көз жұмған Гүлчиман Якупованың мерзімсіз қазасына туыстары дәрігерлерді кінәләуда. Олар кесір тілігінен кейін келіншектің жағдайы күрт нашарлағанын, соған қарамастан ақ халаттылардың әйел адамды дұрыс қарамағанын айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

29 жастағы келіншекті ақ халаттылар бір апта бұрын кесір тілігі арқылы босандырып алған. Нәресте дін-аман. Бірақ ананың жағдайы отадан кейні күрт нашарлаған.

Гүлчиман Якупованың туыстары дәрігерлер оның арыз-шағымын елемегені былай тұрсын, өзіне дүрсе қоя бергенін айтады.

"Апа, мыналар сондай дөрекі" деп өзі айтты ғой маған. Айғайлап кетті деп. "Қалтасына ақша салмадың ба олардың? Салмаған соң сөйткен шығар" дедім", - дейді марқұмның енесі Мехрибан Вахитова.

Гүлчиманның күйеуі Дамир Вахитов әйелінің перзентханаға ойдағыдай барғанын жеткізді.

"Дәрігерлер басында бізге ештеңе айтпады. Басқа отбасыларға осындай қайғы тілемеймін. Бұлай болады деп ешкім ойламаған ғой. Маған таңғы төртте "мен саған тағы бір ханшайымды туып бердім" жазыпты. Адам сияқты қарамаған. Мал сияқты көрген ғой", - дейді ол.

Қазіргі уақытта перзентаханадағы өлімге байланысты сараптама тағайындалған.

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан комиссия құрылып, тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері де тексеріс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Біз қылмыстық істі қарау кезінде міндетті түрде олардың қорытындысын есепке алатын боламыз. Егер дәрігерлердің кінәсі анықталып жатса, олар ҚК 317 бабы бойынша қылмыстықтық жауапкершілікке тартылады", - деді ол.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары әлеуметтік желіде үш баланың анасы кесарь тілгімен төртінші нәрестесін дүниеге әкелген соң көз жұмғанын жазған болатын.

Бұл жағдайдан кейін №1 перинаталдық орталықтың төрт қызметкері қызметінен шеттетілген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel