RU
Қытайлық жүзгіш өзін жеңіп кеткен британдық қарсыласына дөрекелік танытты

Қытайлық жүзгіш өзін жеңіп кеткен британдық қарсыласына дөрекелік танытты

Рассказать Вконтакте

2019 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге еркін жүзудің нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында қытайлық спортшы өзінің қарсыласына дөрекілік танытқан деп хабарлайды RT-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: russian.people.com.cn

Фото: russian.people.com.cn

Қытай өкілі Сунь Ян марапаттау рәсімі кезінде британдық қарсыласы Данкан Скоттқа нақты не айтқаны белгілі болды.

"Сен жолы болмайтын адамсын, мен - жеңімпазбын!" , - деген Сунь Ян қарсыласына.

Естеріңізге сала кетейік, қытайлық жүзгіш допингтік дауына іліккен болатын. Халықаралық жүзу Федерациясы (FINA) жанындағы допингке қарсы комиссияның есебінше, Сунь Ян 2018 жылдың қыркүйек айында допинг-офицердің сапары кезінде қан тұрған пробиркаларды сындырып тастаған.

21 шілде күні австралиялық Мак Хортон еркін стильде 400 метр қашықтықта жүзу бойынша бірінші орынды иеленген Сунь Янмен бір тұғырда тұруға бас тартқан.

Сондай-ақ еркін стильде 200 метр қашықтықтағы жарыстан кейін қытайлық спортшымен бір подиумға британдық жүзуші Данкан Скотт та көтерілгісі келмеген.

Сонымен қатар Скотт оппонентімен қол алысудан да бас тартқан. Осыған байланысты Сунь Ян британдық спортшыға қатысты дөрекілік таныта бастаған.

Бұған дейін FINA Скотт пен Сунь Янаға олардың іс-әрекеттері үшін ескерту жасады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel